457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көкпардан әлем чемпионаты: Қазақстан мен Өзбекстан финалда кездеседі

Түркістан қаласында өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатының шешуші кезеңі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгінгі жартылай финалдық ойындардан кейін финалға шыққан командалар анықталды.

Алғашқы жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ресей Федерациясының командасын 6:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал екінші кездесуде Өзбекстан құрамасы Ауғанстанды 4:2 есебімен ұтып, шешуші ойынға өтті.

Осылайша, 21 наурыз – Наурыз мейрамы күні әлем чемпионы анықталады. Алтын жүлде үшін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара кездеседі. Ал қола жүлде үшін Ресей Федерациясы мен Ауғанстан командалары бақ сынайды.

Айта кетейік, тоғыз жыл үзілістен кейін қайта ұйымдастырылған әлем чемпионатына Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның үздік командалары қатысуда.

 

 

 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі