457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кирилл Герасименко Ислам ойындарының чемпионы атанды

Жартылай финалда отандасымыз алжирлік Мехди Болоусамен кездесіп, 4:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Қазақстандық үстел теннисі шебері Кирилл Герасименко Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының жекелей сынында чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Исламиада ұзаққа созылды, оңай болған жоқ. Бірақ, міне, жарыс аяқталды. Үйге жеңіспен оралатыныма қуаныштымын. Бұл - тамаша сезім. Көңіл-күйім керемет. Жарыс басталар алдында Омар Ассар да келеді деп ойладым. Онымен финалда жолығамыз деп жоспарладым. Олимпиададағы кездесуден кейін одан кеткен есемді қайтарып алғым келді. Ойын оңай болған жоқ, үстелге бейімделу қажет болды. Дегенмен Омарға да оңай болмады, бұл байқалып тұрды, - деді ол.

Спортшы өз сөзінде, әрдайым өз мүмкіндігіңді барынша пайдаланып, неге қабілетті екеніңді көрсету керектігін атады.

Қарымта алғаныма өте қуаныштымын.Нәтижесінде екі медальға ие болдым. Әрине, үш жүлде алғым келген. Бірақ бар нәтижеге ризамын. Ең бастысы - Қазақстанға алтын медаль сыйлағаныма қуаныштымын. Жанкүйерлерге, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, федерацияға, командаға және бас бапкер Эльмира Әлиеваға алғыс білдіремін. Бізге қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасағандарыңыз үшін көп рақмет," - деді спортшы.

Фото: Ашық дереккөзден