«Кінәм жоқ!». Шавкат Рахмоновтың жары сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесінде күтпеген жағдай болды. Алдын ала сот тыңдауында ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Telegram-дағы HALYQSTAN арнасы хабарлады.
Сот барысында Гүлайым Рахмонова апаттың өз кінәсінен болмағанын айтып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.
Оның айтуынша, көлік бір сәтте оңға қарай тартып кеткен, сол кезде ол рульді түзеп, машинаны теңестіруге тырысқан. Алайда дәл сол сәтте апат орын алған.
Айыпталушының адвокаты Бағлан Ырсанұлы жүргізілген сараптамамен келіспейтінін айтып, соттан қосымша кешенді сараптама тағайындауды сұраған.
Қорғаушы тараптың пікірінше, апатқа көліктің техникалық жағдайы да әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор Сабыр Серік бұл өтінішті қанағаттандыруға негіз жоқ екенін айтты.
Оның сөзінше, тергеу кезінде Рахмонова бірнеше рет жауап беріп, өз кінәсін мойындаған.
йТергеу барысында Рахмонова бірнеше мәрте сұралды және кінәсін мойындады. Бүгін позициясын өзгертті. Қосымша сараптама жүргізуге себеп жоқ», - деді прокурор.
Сот адвокаттың өтінішін әзірге қанағаттандырмады. Судья Қуаныш Мұратов бұл өтінішті дәл қазір қарау мерзімінен бұрын екенін айтты.
Алайда қорғаушы тарап бұл өтінішті негізгі сот талқылауы кезінде қайта ұсына алатыны ескертілді.
Қайғылы жол апаты 2025 жылғы шілде айында Алматы – Екатеринбург тасжолында, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатып, жолдағы қоршауға соғылған. Соның салдарынан көлік бірнеше рет аударылып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Оқиға салдарынан екі әйел көз жұмды:
Гүлайым Рахмонованың туған әпкесі Айгерім Сұлтанова
олардың құрбысы Зарина Алпысова
Ал Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жеткізілген.
Фото: ашық дереккөз
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған