Мәзір
Жаңалықтар

Керлингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Сабина Асқарқызы 105 қаралым
Керлингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Астана қаласындағы Сарыарқа мұз айдыны кешенінде керлингтен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Байрақты бәсекенің соңғы күні аралас жұптар арасындағы финал өтіп, жеңімпаздар анықталды. Қорытындысында Астана қаласының спортшылары чемпион атанды. Алматы облысының командасы күміс жүлдеге ие болса, Қостанай облысының өкілдері қола медальді қанжығалады.

Айта кетейік, керлингтен ел чемпионаты 18-27 ақпан аралығында өтті. Жарысқа еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.

 

 

Фото: ҚР Керлинг федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар