Кениялық боксшы жекпе-жекте алған соққыдан кейін қайтыс болды
Кениялық боксшы Джейкоб Ойоко жекпе-жектен кейін ауруханада қайтыс болды. Қайғылы жағдайды Кенияның кәсіби бокс комиссиясы ресми түрде растады, деп жазады malimsports.kz.
Комиссияның мәліметінше, кездесу барысында спортшының жағдайы күрт нашарлаған. Ринг жанында кезекшілік атқарған дәрігерлер оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын (СЛР) жасаған, оттегі берген және жедел түрде ауруханаға жеткізген. Алайда барлық жасалған шараларға қарамастан, боксшыны аман алып қалу мүмкін болмады.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда спортшының жекпе-жек кезінде әлсіреп, аяғында әрең тұрғаны және қарсыласының соққыларын жиі өткізіп алғаны байқалады.
Аталған дерек бойынша арнайы тергеу басталды. Тергеу барысында жекпе-жек алдындағы медициналық тексеріс, салмақ өлшеу процесі, гидратация талаптарының сақталуы, ринг жанындағы медициналық қамтамасыз ету деңгейі және төрешінің әрекеттері толықтай сарапқа салынатын болады.
Бұл оқиға кәсіби бокста қауіпсіздік талаптарын күшейтудің маңызын тағы да айқындап отыр.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған