«Каспий» клубы алғаш рет Қазақстан Кубогының иегері атанды

Баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан Кубогының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шешуші ойында Ақтаудың «Каспий» командасы атыраулық «Барсы Атырау» клубымен кездесіп, екі овертаймға созылған тартысты матчта 85:78 есебімен жеңіске жетті.
Бұл - «Каспий» клубының тарихындағы алғашқы Қазақстан Кубогы. Бұған дейін ел кубогында «Астана» клубы үздіксіз үстемдік етіп келген болса, кейінгі жылдары тек «Барсы Атырау» ғана елордалық ұжымның басымдығын үзе алған болатын.
Айта кетейік, ақтаулықтар 19 қыркүйекте өткен жартылай финалда дәл осы «Астананы» 71:59 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған еді.
Осылайша, Маңғыстау өңірінің командасы қазақстандық баскетбол тарихында жаңа жетістікке қол жеткізіп отыр.


Ең көп оқылған
