457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кәсіпқой боксшы Александр Гвоздик алғаш рет нокаутпен жеңілді

Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта (79,4 кг дейін) өтті.

Украиналық танымал боксшы Александр Гвоздик алты жылдан кейін алғаш рет нокаутпен жеңіліс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Боксшылар Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Zuffa Boxing турнирінде кездесті. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта (79,4 кг дейін) өтті.

Бастапқы раундтарда Гвоздик басымдыққа ие болып, қарсыласын бірінші және төртінші раундтарда нокдаунға жіберді. Алайда екінші жартысында америкалық Радивое Калайджич белсенділігін арттырып, жетінші раундта украиналық спортшыны бірнеше секунд аралығында нокаутқа жіберді. Рефери поединкті техникалық нокаутпен тоқтатты.

38 жастағы Гвоздик кәсіби мансабында екінші рет досрочно жеңіліп отыр. Бұған дейін 2019 жылы оны Артур Бетербиев нокаутқа жіберген. Қазір оның кәсіби рекорды - 21 жеңіс (17 нокаут) және 3 жеңіліс.

Украиналық боксшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ кәсіби деңгейде WBC белбеуін ұстаған. Радивое Калайджич үшін бұл кәсіби мансабындағы 30-шы жеңіс болды (22 нокаут).

Айта кетейік, Гвоздик 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстан өкілі Әділбек Ниязымбетовтен жеңіліп, қола жүлдеге ие болған еді. 

Фото: Ашық дереккөзден