Мәзір
Жаңалықтар

Каратэші Тұрар Қалпақбай Азия чемпионы атанды

Сабина Асқарқызы 33 қаралым
Каратэші Тұрар Қалпақбай Азия чемпионы атанды

Қытайдың Шаогуань қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен U21 жас санатында каратэден Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан каратэ федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жасөспірімдер санатындағы бәсеке басталып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 3 жүлде түсті.

Кумитеден ұлдар арасында 61 кг дейінгі салмақта отандасымыз Тұрар Қалпақбай алтыннан алқа тақты. Ол финалда ирандық қатарласы Мұхаммед Абдоллахигорабты айқын басымдықпен ұтты.

Сондай-ақ осы жас санатында Перизат Алдаберген (-59 кг) мен Айдын Темірхан (-66 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік кеше чемпионаттың алғашқы күні кадеттер сынға түсіп, Қазақстан құрамасы 4 медальға ие болған.

Алтын - Балнұр Құрбанәлі - 14-15 жас, -61 кг

Күміс - Алмат Нұрсейіт - 14-15 жас -57 кг

Қола - Айша Ұнталап - 14-15 жас -54 кг

Қола - Мәдениет Матжан - 14-15 жас -52 кг

Шаогуань қаласындағы Азия чемпионатына қүрлықтағы 30 мемлекеттен 520 спортшы жиналды.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар