457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Каратэші Софья Берульцева Италиядағы жарыста жеңімпаз болды

Отандастарымыз беделді бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Италия астанасы Рим қаласында WKF каратэден 2026 жылдың екінші Премьер-лига санатындағы бәсеке аяқталды. 

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз беделді бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді.

Ұлттық құрама көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (68 келіден жоғары) финалда англиялық Рошель Уолтерсті 2-1 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан екінші Премьер-лига бәсекесінде жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Ыстанбұлда қаласындағы турнирде де алтыннан алқа таққан еді. 

Ал кумите бағдарламасында күміс алған Әсел Қанай (61 келі) финалда жапониялық спортшы Сарара Шимадаға есе жіберді. Сондай-ақ Премьер-лига санатындағы турнирге алғаш рет қатысқан 18 жастағы Мирас Әбдіқадыр (60 келі) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Тағы бір отандасымыз Никита Тарнакин (84 келі) үздік бестіктен көрінді. 

Қазақстан командасы Римдегі додада жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты.

1. Жапония (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) 

2. Италия (1 алтын, 1 күміс, 6 қола)

3. Қазақстан (1 алтын, 1 күміс және 1 қола)

Италиядағы турнирде ката және кумите бағдарламасында барлығы 66 мемлекеттен 384 спортшы бақ сынасты. Алдағы Премьер-лига додасы сәуірде Қытайда өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы