23-25 қаңтар күндері Түркияның Ыстанбұл қаласында WKF каратэден Премьер-лига турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлемдік рейтинг бойынша әр салмақта тек үздік 32 спортшы қатыса алатын бұл жарысқа Қазақстан әдеттегідей ауқымды құрамамен барады. Ұлттық құраманың тізімі:
Әйелдер (кумите):
Айшабибі Шарахан (-55 кг)
Бэлла Самашева (-55 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Айжан Бәкірова (-61 кг)
Дайяна Даренская (-68 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Ерлер (кумите):
Дархан Теміралиев (-60 кг)
Жоламан Биғабыл (-60 кг)
Еркінбек Байтөреев (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Әлихан Қадырғали (-84 кг)
Диас Анарбеков (+84 кг)
Диас Ұлбек (+84 кг)
Ыстанбулдағы жарысқа барлығы 65 елден іріктелген 382 каратэ шебері қатысады. Жекпе-жектер Халықаралық каратэ федерациясының (World Karate Federation) YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: ҰОК