Мәзір
Жаңалықтар

Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Сабина Асқарқызы 93 қаралым
Каратэден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Каратэден (WKF) Қазақстан құрамасы Мысыр астанасы Каирде өтетін жекелей сындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бәсекені 27-30 қараша күндері Indoor Hall №1 халықаралық спорт кешені қабылдайды. Ел құрамасының спортшылар тізімі келесідей:

Ерлер (кумите):

Қайсар Алпысбай (60 кг)

Дидар Әмірәлі (67 кг)

Нұрқанат Әжіқанов (75 кг)

Диас Ұлбек (+84 кг)

Әйелдер (кумите):

Гүлмира Үсенова (55 кг)

Әсел Қанай (61 кг)

Дайяна Даренская (68 кг)

Софья Берульцева (+68 кг)

Бас бапкер - Дархан Асаділов.

Каир қаласында барлығы 12 медаль (кумите 10, ката 2) жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, WKF каратэ елімізде бұқаралық сипат алған спорт түрінің қатарында. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енді. WKF каратэ Азия ойындары, Дүниежүзілік ойындар, Ислам Ынтымақтастығы және ТМД елдері ойындары сынды көптеген кешенді жарыстың бағдарламасында бар.

Айта кетейік, каратэшілеріміз 2023 жылғы Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатында кумитэ бағдарламасында үш жүлде, яғни Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) алтын, Дидар Әмірәлі (-67 кг) күміс, Қайсар Алпысбай (-60 кг) қола медаль жеңіп алған.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар