Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға қол жеткізді.
Жүлде үшін өткен шешуші айқаста Аймұқашева Гамбия өкілі Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен ұтып, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Фото: ҰОК