457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Каирде нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды

Байрақты бәсеке 2025 жылдың 6-18 қарашасы аралығында өтеді

Египет астанасы Каир қаласында нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Биылғы байрақты бәсеке 2025 жылдың 6-18 қарашасы аралығында өтуде. Әлемнің ең мықты мергендері жиналған бұл жарыс аясында спортшылар бірнеше бағдарлама бойынша бақ сынайды. Чемпионат - алдағы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.

Бұл дүбірлі додада Қазақстанның атынан «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының бес спортшысы ел намысын қорғауда. Олар - Олег Носков, Кирилл Федькин, Кирилл Цуканов, Валерий Рахимжан және Ислам Сатпаев. Барлығы да халықаралық деңгейде тәжірибесі бар, еліміздің үміт артқан үздік спортшылары.

Құрама мүшелерінің дайындығын аға жаттықтырушы Пономарёв П.Н. қадағалап отыр. Ол спортшылардың техникалық және психологиялық дайындығына ерекше назар аударып, олардың әрқайсысының әлеуетін барынша көрсетуіне жағдай жасауда. Команда жарысқа жоғары деңгейде дайын келгенін және ел қоржынына жүлде салуға ниетті екенін атап өтті.

Нысана көздеу спорты Қазақстанда жылдан жылға дамып келеді. Соңғы жылдары ел спортшылары әлемдік ареналарда тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып, ұлттық құраманың әлеуетін дәлелдеп жүр. Бұл чемпионатта да отандық спортшылардың жоғары нәтиже көрсетуіне үлкен сенім артылып отыр. 

Қазақстандық спортшылар Каир төрінде ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшін салмақ.  

Фото: ҚР спорт комитеті