Италиялық биатлоншы допингке байланысты Олимпиададан шеттетілді
Италиялық биатлоншы Ребекка Пасслер 2026 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оған себеп допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуі. 24 жастағы спортшының ағзасынан летрозол препараты табылған. Бұл зат WADA тыйым салған гормоналды және метаболикалық модуляторлар қатарына жатады.
Италияның Қысқы спорт федерациясы (FISI) оқиға бойынша ішкі тергеу бастағанын мәлімдеді. Федерация басшысы Флавио Рода бұл істің спортшының мансабы мен ұйым беделіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
Пасслер биылғы маусымда Әлем кубогының жалпы есебінде 33-орында келеді. Оның қоржынында эстафетадағы екі қола медаль және жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаттарында бірнеше жүлде бар.
2026 жылғы Қысқы Олимпиада 6–22 ақпан аралығында Италияда өтеді.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған