Италия құрамасы әлем чемпионаты іріктеуінің финалына шықты
Италия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі плей-офф жартылай финалында Солтүстік Ирландия құрамасы командасын 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесуде италиялықтар сапынан Сандро Тонали 56-минутта есеп ашса, Мойзе Кин 80-минутта екінші голды соқты.
Алайда бұл жеңіс Италия құрамасына әлем чемпионатына тікелей жолдама бермейді. Енді олар 31 наурыз күні финалда Уэльс құрамасы мен Босния және Герцеговина құрамасы жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Италия құрамасы соңғы екі әлем чемпионатына қатыса алмады. 2018 жылы олар Швеция құрамасы командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалса, 2022 жылы Солтүстік Македония құрамасы-сынан дәл осындай есеппен ұтылған болатын.
Италия құрамасының еншісінде әлем чемпионаттарындағы төрт жеңіс бар. Дәл осындай көрсеткіш Германия құрамасы еншісінде болса, бес рет чемпион атанған Бразилия құрамасы көш бастап тұр.
Плей-офф кезеңіне барлығы 16 команда қатысады: топта екінші орын алған 12 құрама және UEFA Ұлттар лигасының рейтингі бойынша іріктелген төрт команда. Олар төрт топқа бөлініп, бір матчтан тұратын жартылай финал және финал форматында мини-турнир өткізеді. Финалда жеңіске жеткен құрамалар әлем чемпионатына жолдама алады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Турнир тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылады.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған