ISU британдық мәнерлеп сырғанаушылардың талабын қанағаттандырмады
Халықаралық конькобеу федерациясы (ISU) Прагада өткен әлем чемпионатындағы би жұптары жарысының нәтижесіне қатысты Ұлыбританияның аппеляциясын қабылдамады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Британдық Лайла Фир мен Льюис Гибсон жұбы жарыста төртінші орынға тұрақтады. Олар бронза жүлдесін 0,22 ұпайға американдық Эмилия Зингас пен Вадим Колесник жұбына беріп қойды.
Ритм-би бойынша британдықтар үшінші орында болса, еркін бағдарламада «рұқсат етілмеген элемент» үшін екі ұпай алынды. Штрафтың себебі - көтеру кезінде серіктесінің қолдарының дұрыс орналаспауында болып отыр.
Ұлыбритания тарапы аппеляцияға беріп, бұл шешім әділетсіз деп санап, «судьялық процессті толық және тәуелсіз қайта қарауды» талап еткен еді. Дегенмен ISU шешім жарыс кезінде қабылданғандықтан, соңғы және аппеляцияға жатпайтынын мәлімдеді.
Жарыстың жеңімпаздары француз Лоранс Фурнье-Бодри мен Гийом Сизерон болды. Айта кетейік, Фир мен Гибсон 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін медалистері.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған