Мәзір
Жаңалықтар

Исламиада: Жүзуден төрт қазақстандық жартылай финалға шықты

Сабина Асқарқызы 188 қаралым
Исламиада: Жүзуден төрт қазақстандық жартылай финалға шықты

Қазақстан құрамасы жүзуден Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында финалға жолдама үшін бақ сынайды.

Софья Сподаренко, Әділбек Мусин және Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеуден сәтті өтті.

Ал Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үш қазақстандық спортшы жартылай финалға жолдама алған болатын.

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар