Мәзір
Жаңалықтар

Ислам елдері ойындарында каратэден Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Сабина Асқарқызы 140 қаралым
Ислам елдері ойындарында каратэден Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін VI Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысатын WKF каратэден Қазақстан құрамасы анықталды. 

Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 68 келіден жоғары салмақта ел намысын -Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцевақорғайды.

Бапкерлік құрам сондай-ақ Дайяна Даренская (-68 кг), Никита Тарнакин (-84 кг) және Жоламан Биғабылға (-60 кг) сенім артып отыр. 

Ұлттық құраманың бас бапкері – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов. Аға жаттықтырушылар – Ринат Сағындықов пен Ринат Мерғалиев. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар