Мәзір
Жаңалықтар

Ирина Конищева Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 151 қаралым
Ирина Конищева Ислам ойындарында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп жазады malimsports.kz. 
Отандасымыз жетісайыста үшінші нәтиже көрсетті. Конищева барлық жеті бағдарлама қорытындысы бойынша 5270 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
5562 ұпай жинаған Иран өкілі Фатеме Мохитизаде алтын медаль алса, 5488 ұпай жинаған Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоева күміске қол жеткізді.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар