Мәзір
Жаңалықтар

Ирина Казюлина спорттық мансабындағы ең айтулы жетістікке қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 113 қаралым
Ирина Казюлина спорттық мансабындағы ең айтулы жетістікке қол жеткізді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

1/4 финалда 68 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Түркия спортшысы Несрин Башты жеңді.

Айта кетейік, Баш биылғы әлем чемпионатында күміс медальға ие болған еді.

Жартылай финалда Казюлина Өзбекстан балуаны Светлана Окназаровамен белдеседі.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар