Мәзір
Жаңалықтар

Інжу Баққожа U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сабина Асқарқызы 42 қаралым
Інжу Баққожа U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Інжу Баққожа Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Алина Баранованы 8:2 есебімен жеңді. 
Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күресті. Дегенмен үндістандық Аваншикаға жол берді.
Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алған еді. 

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар