457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илья Мизерных әлем кубогында Қазақстан рекордын жаңартты

Отандасымыз іріктеуде 219 метрге секірді .

Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных әлем кубогында Қазақстан рекордын тіркеді, деп хабарлайды malimsports.kz
Өткен аптада Аустрияның Кульм елді мекенінде өткен шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогы кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Илья Мизерных өнер көрсетті. 
Отандасымыз іріктеуде 219 метрге секіріп, Қазақстан рекордын жаңартты. Нәтижесінде 188.7 ұпаймен іріктеудегі жалпы есепте 14-сатыға тұрақтады. Жарысқа барлығы 54 спортшы қатысты.
Айта кетейік, 19 жастағы Илья жуырда Милан-Кортина Олимпиадасында үлкен трамплинде секіру бәсекесінде 8-орын алып, осы спорт түрі бойынша Қазақстанның Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсеткен. Ал 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтын медаль иеленіп, жеңімпаз атанған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы