457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илья Мизерных әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Қазіргі таңда Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы спорты түрлерінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлем біріншілігі аясында шаңғымен тұғырдан секіру жарыстары басталды.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Спортшы 263 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Австриялық Штефан Эмбахер 296,5 ұпай еншілеп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді польшалық Кацпер Томасяк (287,3) иеленсе, америкалық Джейсон Колби 276 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық Артем Мешков жарысты 22-орында аяқтады. Ал Даниил Калинкин алғашқы секіру қорытындысы бойынша 42-орын алып, финалдық кезеңге өте алмады.

Фото: ҰОК