457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ІІМ Қарағанды облысында спортшылардан құралған топтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл болды

Топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, «спортты қолдау және дамыту» деген желеумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстарға тартқан.

Еліміздің ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында әрекет еткен қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатты, деп жазады malimsports.kz

Министрліктің мәліметінше, топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, «спортты қолдау және дамыту» деген желеумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстарға тартқан.

Қарағанды облысында полиция өңірдегі криминогендік ахуалға кері әсер еткен топтың қызметін тоқтатуға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізді.

«Жедел әзірлеме барысында топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттер нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс және суық қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, оның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Топтың заңсыз әрекеті өздерінің қылмыстық ықпалын кеңейтуге, соның ішінде жастарды тартуға және зорлық-зомбылық қылмыстарын жасауға бағытталған. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Фото: Бейнежазбадан скриншот