III Жасөспірімдер Азия ойындары аясында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара III Жасөспірімдер Азия ойындарының ресми бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Рәсім барысында дәстүрлі түрде елдер арасындағы символикалық сый алмасу рәсімі де өтті. Бұл — қатысушы мемлекеттер арасындағы достық пен спорттық ынтымақтастықтың белгісі.
Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин және Бахрейн–2025 III Жасөспірімдер Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ахмед Абдулгаффар қатысты.
Қазақстан құрамасы үшін бұл рәсім жастар арасындағы Азия ойындарына ресми түрде қатысуының бастауы болып табылады. Спортшылар енді ел намысын қорғауға дайындықтың соңғы кезеңінде.
Фото: ҚР спорт комитеті
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған