457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

III ТМД елдері ойындары: жүзуден қоржынға 4 медаль түсті

Бүгін кешке Гянджа қаласында ойындардың салтанатты ашылуы өтеді.

Әзірбайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жарыс күні сәтті басталды, malimsports.kz

Отандық спортшылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) - күміс
Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) - күміс
Маргарита Раенко (шалқалай жүзу, 200 м) - қола
Қазақстан құрамасы (аралас эстафета 4×100 м, еркін әдіс).
Айта кетейік, жүзуден жарыс Гянджа қаласында өтіп жатыр. Барлығы ойындар Әзірбайжанның 7 қаласында қатар өтеді. Биыл 13 елден келген 1624 спортшы 23 бағдарламада жүлдеге таласады. Бүгін кешке Гянджа қаласында ойындардың салтанатты ашылуы өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы: