III ТМД елдері ойындары: Қазақстан спортшылары 7 жүлде иеленді
Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін біздің спортшылар бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз: Пневматикалық винтовкамен нысана көздеу, 10 м: Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Никита Шахторин) - күміс Еркін күрес: Риза Изахар (110 кг) - күміс Пневматикалық тапаншамен нысана көздеу, 10 м: Валерия Попелова - қола Әйелдер күресі: Нұрайым Саяхмет (65 кг) - қола Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы - қола Бадминтоннан Қазақстан ерлер командасы Мұстафа Мәлікжан/Арнұр Тәпішев) - қола Бадминтоннан Қазақстан әйелдер құрамасы (Алиса Кулешова/Диана Наменова) - қола. Қазір Қазақстан құрамасы еншісінде 9 алтын, 22 күміс, 41 қола медаль бар. Бұл әзірге жалпыкомандалық есептегі 5-орын. Әзірбайжандағы ойындар 8 қазанда аяқталады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған