Әзірбайжанның Шеки қаласында батуттағы гимнастикадан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, кеше Қазақстан құрамасының спортшылары 2 медальға қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы (Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина) - қола
Никита Тумаков (жекелей сын) - қола.
Ерлер арасындағы синхронды секіруде Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков жұбы финалда бақ сынап, 5-сатыға тұрақтады.
Сондай-ақ бүгін еркін күрестен Игорь Резников (-92 кг) бозкілемге шығып, 3 белдесу өткізді. Алайда палуанымыз жүлдеге таластан тыс қалды.