Мәзір
Жаңалықтар

III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды

Сабина Асқарқызы 52 қаралым
III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға 2 медаль салды


Әзірбайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге қол жеткізіп үлгерді.

Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды.

Микстен жүлдегерлер: 
1. Ресей
2. Қазақстан 
3. Әзірбайжан 

Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 30 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Анастасия Прилепина 6-сатыға тұрақтады. 

Трап бағдарламасының жүлдегерлері: 
1. Алина Ахатова (Ресей) 
2. Нармин Джафарова (Әзірбайжан) 
3. Наргиза Сарманова (Қазақстан) 

Айта кетейік, стенд атудан жарыс 1 қазанда мәресіне жетеді. Спорттың бұл түрінен Габала қаласында 8 отандасымыз жүлдеге таласып жатыр. Олардың қатарында биыл Шымкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған Ангелина Сорокина, Наргиза Сарманова сынды мергендер бар.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар