III ТМД елдері ойындары: каратэден Қазақстан құрамасы қоржынға 3 алтын медаль салды

Әзірбайжанда өтіп жатқан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары тағы 8 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін Мингячевир қаласында каратэшілер 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдемен жарысты аяқтады. Олар:
Дархан Теміралиев (-60 кг) - алтын
Айжан Бәкірова (-61 кг) - алтын
Диас Анарбеков (+84 кг) - алтын
Асылай Савидова (+68 кг) - күміс
Шыңғыс Тайлиев (-75 кг) - күміс
Натали Касикова (ката) - күміс
Малика Абжанова (-50 кг) - қола
Айшабибі Шарахан (-55 кг) - қола
Айта кетейік, 2 жыл бұрын II ТМД елдері ойындары Беларусь Республикасында өткен. Ол кезде WKF каратэден Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлде иеленген.
Қазір Қазақстан құрамасы Әзірбайжандағы кешенде жарыста 8 алтын медальмен жалпы есепте 5-орында келе жатыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы


Ең көп оқылған
