Мәзір
Жаңалықтар

Ғұсман Қырғызбаев мен Абиба Әбужақынова Абу-Даби турнирінде күреседі

Сабина Асқарқызы 192 қаралым
Ғұсман Қырғызбаев мен Абиба Әбужақынова Абу-Даби турнирінде күреседі

Халықаралық дзюдо федерациясы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Grand Slam турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама тізімі:

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Турнир 28-30 қараша аралығында өтеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар