457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Грозныйдағы чемпионат кезінде Шешенстан мен Осетия балуандары жаппай төбелес шығарды

Кейін жанжалға залдағы бірнеше адам араласып, үлкен төбелеске ұласқан.

Еркін күрестен Грозныйда өткен Ресейдің Солтүстік Кавказ федералдық округі біріншілігінде жаппай төбелес оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды

malimsports.kz

Жарыс кезінде 70 келі салмақ дәрежесінде Солтүстік Осетия өкілі Давид Ваниев пен Шешенстан балуаны Турпал-Али Ахлоев арасындағы белдесудің соңы қақтығысқа ұласқан. Алдымен екі спортшының арасында жанжал шығып, оларды төреші ажыратуға тырысқан. Кейін жанжалға залдағы бірнеше адам араласып, үлкен төбелеске ұласқан.

Ресейдің спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили бұл оқиғаны тәртіптік комиссия қарайтынын айтып, тиісті шаралар қабылданатынын атап, жаппай төбелеске байланысты жаза тағайындалатынын жеткізді.

«Тәртіптік комиссия төрағасымен сөйлестім, ол бәрінен хабардар. Бұл жағдай бапкерлер мен төреші үшін сабақ болуы керек. Төреші қақтығыстың ушығуына жол бермеу үшін белсендірек әрекет етуі тиіс еді», - деді Мамиашвили.

Федерация басшысы Шешенстан балуанының әрекетін арандатушылық деп атап отыр. Кейін белгілі болғандай, бозкілемдегі белдесуде шешен балуаны есе жіберген сәтте ашуға ерік беріп, қарсыласын бір рет теуіп жіберген. Осыдан кейін екі балуан арасында жанжал басталып кеткен көрінеді. Сол сәтте алаңға отызға жуық адам жиналып, жанжал күшпен таратылған.

Фото: Бейнежазбадан скриншот