Grand Slam: Қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары
Грузия астанасы Тбилисиде 20-22 наурыз аралығында өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары алғашқы кездесулерде келесі қарсыластармен күреседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
20 наурыз
60 кг: Мағжан Шамшадин – Дмитрий Котельников (Ресей)
60 кг: Талғат Орынбасар – Артём Колосов (Беларусь)
66 кг: Нұрқанат Серікбаев – Дрисс Массон (Франция)
66 кг: Ақылжан Жұбатқанов – Бенч Матхе (Венгрия)
21 наурыз
73 кг: Аңсарбек Гайнуллин – Самуэль Гасснер (Аустрия)
73 кг: Әнуар Жұмагелдин – Алан Хубиев (Ресей)
81 кг: Асқар Нарқұлов – Винченцо Пеллигра (Италия)
81 кг: Мәди Амангелді – Бернд Фашинг (Аустрия)
22 наурыз
90 кг: Барақ Арқабай – Клен Калжулайд (Эстония)
100 кг: Бақжан Байтас – Николоз Залишвили (Грузия)
100 кг: Бейбіт Мәдеев – Зомбор Вег (Венгрия)
100 кг+: Еламан Ерғалиев – Гела Залишвили (Грузия)
Турнирге 53 елден келген 424 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстандық спортшылардың бұл жарыстағы басты мақсаттары – медаль алу және рейтингтік ұпай жинау.
Фото: ҰОК
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған