Мәзір
Жаңалықтар

Giro d’Almaty-2025 веложарысына 200-ден астам велосипедші қатысты

Сабина Асқарқызы 84 қаралым
Giro d’Almaty-2025 веложарысына 200-ден астам велосипедші қатысты

Өткен демалыс күндері велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысына жиналды. Іс-шараны Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығы ұйымдастырған, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Алматылықтардан бөлек, жарысқа Астана, Көкшетау және еліміздің басқа да қалаларынан келген спортшылар қатысты. Бүкіл маршрут спорт әлемі мен табиғат аясындағы ұмытылмас саяхатқа айналды. Әрбір қатысушы адреналин мен шабыт сезінді», – деді Алматы қаласы спорт федерациясының президенті Бахтияр Мамыров.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші күні, сенбіде қатысушылар Медеу ауданындағы Ядролық физика институтынан бастап биік таудағы «Медеу» мұз айдынында мәреге жетті. Ерлер 63 шақырым, әйелдер 35 шақырым қашықтықты еңсерді.

Екінші күні жарыс Royal Tulip Almaty қонақ үйінен басталып, мәресі тағы да «Медеу» спорт кешенінде өтті. Таулы кезеңнің ұзындығы 9 шақырым болды.

Жеңімпаздар екі күндік нәтижелер бойынша анықталды. Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысты.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Жеңіскүл Оспанова марапатталды.

Жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар:

•18-29 жас: Ислам Османов.

•30-39 жас: Арсений Никитин және Анастасия Евтушенко.

•40-49 жас: Вадим Ежаков және Екатерина Шатная.

•50-59 жас: Талғат Әмірбеков және Әсел Сәкенова.

•60+: Алексей Абраменко.

Әйелдер арасында кейбір жас санаттарында қатысушылар болмады.

Giro d’Almaty-2025 жарысының абсолютті чемпиондары – Анастасия Волчанская мен Евгений Сладков.

Көрермендердің ерекше назарына 79 жастағы қатысушы Жеңісгүл Оспанова ие болды. Ол өз үлгісімен рухтың мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Табандылығы мен шабыт бергені үшін оған арнайы сыйлық табыс етілді.

 

 

Алматы қаласының әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар