Филиппиннің Манила қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ат снарядындағы жаттығуда қазақстандық спортшы Роман Хегай финалға жолдама алып, шешуші кезеңге дейін үздік өнер көрсетті.
Іріктеу сынында ол бесінші нәтиже көрсетсе, финалда 11.733 ұпай жинап, жетінші орыннан көрінді.
Бұл жарыста қытайлық Ао Чжен 13.533 ұпаймен чемпион атанды. Франция өкілі Лерой Траоре-Малатре 13.200 ұпаймен екінші орын алса, жапониялық Нао Ожима 12.700 ұпаймен үздік үштікке енді.
Фото: ҰОК