Генри Сехудо карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді
Бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Генри Сехудо өз мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады. Ол қандай ұсыныс келсе де, келесі жекпе-жегі соңғысы болатынын айтты, деп жазады malimsports.kz.
Сехудо желтоқсанда өтетін UFC 323 турнирінде 27 жастағы отандасы Пэйтон Талботтпен кездеседі.
“Пэйтонмен жекпе-жек — менің соңғы айқасым болады. UFC кейін не ұсынса да, мен тоқтаймын. Уақытым келді. Екі балам өсіп келеді, ал салмақ түсіру маған ұнамайды,” - деді спортшы.
Генри Сехудо өзінің қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысып жүргенін және енді спорттан табыс іздемейтінін де атап өтті:
“Мен жылжымайтын мүлік пен жарнама саласындағы бизнеске ғашық болдым. Сол арқылы жеткілікті табыс табамын. Енді ‘С мені хватит’ дейтін уақыт келді,” - деді ол.
Сехудо өз уақытында UFC тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі болған. Ол найлегчайшая (flyweight) және легчайшая (bantamweight) салмақ дәрежелерінде чемпион атанған алғашқы америкалық спортшы.
Айта кетейік, Генри Сехудо 2020 жылы да карьерасын аяқтайтынын мәлімдеп, чемпиондық белдігін тапсырған болатын. Алайда ол 2023 жылы қайта оралған еді. Бірақ, оралғаннан кейінгі нәтижелері сәтсіз болды - қазіргі уақытта UFC деректері бойынша Сехудо үш бірдей жеңіліс қатарынан алған.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған