Мәзір
Жаңалықтар

Геннадий Головкин Азия ойындарын тамашалау үшін Бахрейнге барды

Сабина Асқарқызы 241 қаралым
Геннадий Головкин Азия ойындарын тамашалау үшін Бахрейнге барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жұмыс сапарымен Бахрейн Корольдігіне ат басын бұрды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сапардың алғашқы күні ол Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастыру мен Қазақстан құрамасының қатысуына қатысты мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында қазақстандық делегация жарысты өткізуші тарапқа алғыс білдіріп, шараның маңызын атап өтті. Ал Хусейн Әл-Мусаллам өз кезегінде Қазақстан спортшыларына алдағы ойындарда жеңіс пен сәттілік тіледі.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар