457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Гарет Бэйл мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

Бэйл 18 жасында «Тоттенхэм» сапында ойнап жүргенде омыртқааралық дискінің жыртылуы (грыжа) диагнозын алған.

Уэльс құрамасының рекордсмені және мадридтік «Реалдың» бұрынғы жұлдызы Гарет Бэйл футболдағы мансабын ерте аяқтауына жасырын жарақаты себеп болғанын айтты. Бұл туралы ол Stick to Football подкастында айтып, ақпаратты BBC жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Бэйл 18 жасында «Тоттенхэм» сапында ойнап жүргенде омыртқааралық дискінің жыртылуы (грыжа) диагнозын алған. Футболшының айтуынша, ол осы жарақатпен бүкіл кәсіби мансабы бойы ойнаған.

«Мен 18 жасымда “Тоттенхэмде” ойнап жүргенде омыртқааралық дискіні зақымдап алдым. Осы жарақатпен бүкіл мансабымда ойнадым. Балтыр бұлшықеттерінен жиі жарақат алатынмын, бұл да арқамдағы мәселеге байланысты болды. Ойын кезінде бұл туралы ешқашан айтпадым, өйткені кейбіреулер “ол тек сылтау іздеп жүр” дер еді», - деді Бэйл.

Футболшының айтуынша, ол жарақатпен күресіп жүргенімен, бұл мәселе Испания чемпионатындағы ойындарына әсер еткен. Себебі ол үнемі балтыр мен камбалатәрізді бұлшықеттерін қайта жарақаттап алудан қорқып жүрген.

Гарет Бэйл 2023 жылы, 33 жасында кәсіби мансабын аяқтады. Ол Уэльс ұлттық құрамасы сапында 111 матч өткізіп, 40 гол соққан. Бұл екі көрсеткіш те ұлттық құраманың рекорды саналады.

Клубтық деңгейде Бэйл «Саутгемптон», «Тоттенхэм», Реал Мадрид және «Лос-Анджелес» клубтарында ойнады. 2013 жылдың қыркүйегінде «Тоттенхэмнен» «Реалға» ауысқанда оның трансферлік құны 100 миллион еуроға жетіп, сол кездегі рекордтық көрсеткіштердің бірі болды.

Мадрид клубымен бірге Бэйл ең үлкен жетістіктеріне қол жеткізді. Ол UEFA Champions League турнирін бес рет (2014, 2016, 2017, 2018, 2022) жеңіп алды. Сонымен қатар үш рет Испания чемпионы (2017, 2020, 2022) атанып, екі мәрте УЕФА Суперкубогын (2014, 2017) иеленді.

Фото: Getty Images