Мәзір
Жаңалықтар

Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңін жеңіліспен аяқтады

Сабина Асқарқызы 136 қаралым
Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңін жеңіліспен аяқтады

Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш раундындағы үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл ойында біздің спортшы қыздар Египет құрамасынан 18:30 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандықтар жұбаныш раундында үш рет қатарынан жеңіліске ұшырап, екінші топта соңғы орынға тұрақтады.

Осылайша, ұлттық құрама турнирде 31-32-орындар үшін ойнайды. Қарсылас - Иран құрамасы.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар