Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тартысқа толы жартылай финалда қазақстандық спортшылар Иран құрамасынан басым түсті.
Ойын 28:25 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Финалда Қазақстан Түркия құрамасымен кездеседі.
Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында рапирамен семсерлесуден қазақстандық София Актаева Исламиаданың жартылай финалына жолдама алған болатын.
Фото: ҰОК