Биылғы дүниежүзілік додаға 32 құрама қатысып, сегіз топқа бөлінді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы H тобында Норвегия, Оңтүстік Корея және Анголамен кездесті. Соңғы турда жерлестеріміз Оңтүстік Кореямен сынға түсті. Алғашқы екі турда да екі құрама жеңіліс тапқандықтан, үшінші ойында қос тарап та барын салуға тырысты. Ойын тізгінін Оңтүстік Корея бірден өз қолына алды. Бірінші кезең 15:7 есебімен азиялық команда пайдасына шешілді.
Екінші кезеңде де корейлік гандболшылар басымдықты сақтап, матч 17:35 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі нәтижелері:
Ангола – 20:38
Норвегия – 16:41
Оңтүстік Корея – 17:35
Осылайша ұлттық құрамамыз 24-32 орындар үшін өтетін матчтарда өз жолын жалғастырады.
Фото: ҰОК