457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италиямен кездесті

Матч барысында қазақ футзалшылары басым ойнағанымен, алғашқы голды алаң иелері соқты.

Футзалдан Еуро-2026 чемпионатына жолдама беретін плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч барысында қазақ футзалшылары басым ойнағанымен, алғашқы голды алаң иелері соқты. 15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашты.

Екінші таймда Италия тағы бір голмен басымдықты арттырды — 29-минутта Юлио Де Оливейра есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда Қазақстан құрамасы күресті тоқтатпай, 32-минутта Шыңғыс Есенамановтың дәл соққысымен есеп айырмасын қысқартты.

Кездесу Италияның 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Енді екі құрама арасындағы шешуші матч 23 қыркүйекте Астанада өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауымен тарихи жолдама үшін бар күшін салмақ.

Фото: Ашық дереккөзден