457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан 22 ұлттық құраманың жаңа формасы таныстырылды

Жаңа дизайн 22 елдің футбол федерацияларына арналған.

Аdidas компаниясы 2026 және 2027 жылдарға арналған ұлттық құрамалардың жаңа үй формаларын таныстырды. Жаңа дизайн 22 елдің футбол федерацияларына арналған және олардың кейбірі осы киіммен АҚШ пен Мексикада өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Компания жаңа формалардың суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап, жазбада:

«Таныстыруды қажет етпейтін дроп. 22 форма. 3 жолақ. Шексіз әдемі ойындар», - деп атап өтті.

Жаңартылған спорттық киім үлгісін алған құрамалар қатарында:

Италия, Аргентина, Испания, Германия, Жапония, Бельгия, Перу, Сауд Арабиясы, Алжир, Швеция, Катар, Шотландия, Венесуэла, Венгрия, Солтүстік Ирландия, Коста-Рика, Біріккен Араб Әмірліктері, Колумбия, Мексика, Чили, Украина және Уэльс бар.

Жаңа коллекцияда әр елдің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлі түстері сақталған. Мысалы, Аргентина құрамасының классикалық көк-ақ жолақтары заманауи стильде қайта өңделсе, Германия мен Испанияның формалары минималистік әрі экологиялық материалдардан тігілген.

Спорт сарапшыларының пікірінше, adidas-тың бұл топтамасы - алдағы әлем чемпионатына дайындықтың символы әрі ұлттық командалардың жаңа бейнесін айқындайтын ерекше жоба.

Фото: