Мәзір
Жаңалықтар

Фристайл-акробатикадан әлем кубогында сынға түсетін қазақстандықтар кімдер

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Фристайл-акробатикадан әлем кубогында сынға түсетін қазақстандықтар кімдер

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Канаданың Лак-Бопор қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарыс 6-7 қаңтар аралығында өтеді. Аталған ірі халықаралық турнирде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

- Шерзод Хаширбаев;

- Асылхан Асан;

- Ұланбәкір Өмірзақов;

- Дінмұхамед Райымқұлов;

- Роман Иванов;

- Аяна Жолдас.

Бұған дейін Чжанцзякоу қаласында (Қытай) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы барлық дисциплинада өнер көрсеткен еді. Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтаған болатын. 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар