457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Франциялық екі дүркін Олимпиада чемпионы денсаулығына байланыс жарыстан шығып қалды

Бұл туралы Франция әйелдер құрамасының ату дайындығы жөніндегі бапкері Жан-Поль Джакино мәлімдеді.

Франция құрамасының екі дүркін олимпиада чемпионы, биатлоншы Жулия Симон Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен жүгіру жарысына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы Франция әйелдер құрамасының ату дайындығы жөніндегі бапкері Жан-Поль Джакино мәлімдеді.

Шаңғымен жүгіру жарысы жексенбі күні сағат 16:45-ке жоспарланған. Алайда Симон денсаулығына байланысты жарыс жолына шықпайтын болды. Ол спринт сайысында 1 минут 55,8 секунд қалып, 34-орын алған еді. 29 жастағы спортшы жарыстан кейін өзін трассада жайсыз сезінгенін айтқан.

Бапкердің сөзінше, шаңғымен жүгіру жарысына қатысудың еш мағынасы жоқ, себебі спортшы көшбасшылардан екі минуттай қалып қойған. Сондықтан Симон күшін алдағы эстафета мен масс-старт жарыстарына сақтауды жөн көрген.

Айта кетейік, Жулия Симон осы Олимпиадада жеке жарыста және аралас эстафетада алтын медаль жеңіп алған болатын.

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.

Фото: REUTERS