Мәзір
Жаңалықтар

Франциядағы мотожарыста бір спортшы ажал құшты

Сабина Асқарқызы 112 қаралым
Франциядағы мотожарыста бір спортшы ажал құшты

Француз мотожарысшысы Рафаэль Шоле Францияның Грейан-э-л’Опиталь елді мекенінде өткен Gurp TT жарысы барысында болған апаттан көз жұмды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл туралы Франция мотокросс чемпионатының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. 

Lille Actu басылымы оқиға туралы жазып, жарыстың шамамен 15-минутында Рафаэль Шоле мотоциклден құлағанын атады. Ал оның артынан келе жатқан өзге бір қатысушы тоқтап үлгермей спортшыны басып кеткен. Алған ауыр жарақаттың салдарынан спортшы бірден тікұшақпен Бордо қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен. Алайда 21 жастағы француз өкілі  жарақаттарынан қайтыс болды.

Рафаэль Шоле құмды трассалардағы мотокросс чемпионатына екі жыл қатарынан қатысқан еді. 

Айта кетейік, Францияда мотокросс жарыстарында бұған дейін де адам өлімімен аяқталған оқиғалар болған. Мысалы, 2019 жылы Ла-Босс-де-Бретань қаласында 23 жастағы спортшы Борис Прюдом жарыс кезінде қаза тапқан болатын. 

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар