457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Формула-1» жарысында Пьер Гаслиге жүлделі орны бес күннен кейін қайтарылды

Франциялық Alpine командасының пилоты Пьер Гасли 7 маусымдағы жарысты тоғызыншы орыннан бастап, кейін төртінші орынға көтерілді.

Пьер Гасли Монако Гран-приінің қорытындысы бойынша айыппұлдарының күшін жою нәтижесінде үшінші орынға қайта көтерілді. Бұл туралы Формула-1 баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Франциялық Alpine командасының пилоты Пьер Гасли 7 маусымдағы жарысты тоғызыншы орыннан бастап, кейін төртінші орынға көтерілді. Ал Джордж Расселл айыппұл алғаннан кейін үздік үштікке енген болатын.

Алайда Гаслидің өзі де пит-лейндегі жылдамдық шегін екі рет асырғаны үшін жазаланып, нәтижесінде жетінші орынға түсіп қалды. Осылайша қола жүлде Исаак Хаджарға бұйырған еді.

Кейін Alpine командасы бұл шешімді қайта қарауды сұрады. Тыңдаулар бейсенбі күні өтіп, жұма күні Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) Гаслиге үшінші орынды ресми түрде қайтарып берді.

Sky Sports мәліметінше, Alpine командасы пит-лейндегі уақытты есептеу кезінде пайдаланылған қашықтықтың дұрыс өлшенбегенін және оның Гаслидің жылдамдығын шын мәнінен жоғары көрсеткенін дәлелдеген.

Бұл — Пьер Гаслидің биылғы маусымдағы алғашқы жүлделі тұғыры.

Формула-1-дің келесі кезеңі 14 маусымда Барселона провинциясындағы Каталунья автодромында өтеді.

Фото: Getty Images