«Формула-1» Таяу Шығыста өтетін Гран-придің тоқтатылғанын растады
Формула-1 жарысының ұйымдастырушылары Таяу Шығыста жоспарланған екі кезеңнің өткізілмейтінін ресми түрде мәлімдеді. Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA) әлеуметтік желідегі X парақшасында Бахрейн мен Сауд Арабиясында өтетін жарыстардың тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
Ұйым таратқан мәліметке сәйкес, өңірдегі қазіргі жағдай мұқият сарапталғаннан кейін сәуір айына жоспарланған Бахрейн Гран-приі мен Сауд Арабиясы Гран-приі өткізілмейтіні белгілі болған.
Бұған дейін, 13 наурызда, батыс ақпарат құралдары аталған кезеңдердің тоқтатылуы мүмкін екенін жазған еді. Мәліметтерге қарағанда, ұйымдастырушылар жарыстарды Португалия, Италия немесе Түркия елдеріне көшіру мүмкіндігін қарастырған. Алайда жарысқа дейінгі уақыттың аздығы және ұйымдастыру шығындарын өтеу қиынға соғатыны ескеріліп, бұл жоспардан бас тартылған.
Алғашында 2026 жылғы маусымда 24 Гран-при өткізу жоспарланған еді. Бірақ Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы кезеңдер тоқтатылғаннан кейін жарыстар саны 22-ге қысқарды.
Маусымның алғашқы кезеңі 8 наурызда Мельбурн қаласында басталды. Кейін жарыстар Қытай мен Жапонияде өтеді. Одан кейін кезеңдер АҚШ пен Канадаға ауысады. Жаз мезгілінде чемпионат Еуропада — Монако, Испания, Австрия, Ұлыбритания, Бельгия, Венгрия және Нидерланды елдерінде ұйымдастырылады.
Кейінгі кезеңдер Әзербайжан, Сингапур және тағы да АҚШта өтеді. Маусым соңында жарыстар Мексика, Бразилия және АҚШта жалғасады. Ал чемпионаттың соңғы кезеңдері Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінда өтеді. Дәстүр бойынша чемпионды марапаттау рәсімі Абу-Даби қаласында өтеді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл шешімнен кейін «Формула-1» шамамен 100 миллион фунт стерлинг қаржыдан қағылуы мүмкін. Себебі Бахрейн мен Сауд Арабиясы жарысты өткізу үшін ең жоғары төлем жасайтын елдердің қатарында.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Бұған жауап ретінде Иран өңірдегі америкалық әскери базаларға соққы жасаған. Осы жағдайға байланысты БАӘ, Израиль, Иран, Бахрейн, Ирак, Катар және Кувейт әуе кеңістігі уақытша жабылған.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған