Биыл «Формула-1» чемпионатында дебют жасайтын америкалық Cadillac командасы қытайлық Чжоу Гуаньюйді резервтік пилот ретінде бекітті, деп хабарлайды malimsports.kz.
26 жастағы Чжоу Гуаньюй – «Формула-1» тарихындағы алғашқы қытайлық автошабандоз болғалы отыр. Ол өткен маусымда Ferrari командасының қосалқы пилоты болса, ал 2022-2024 жылдары Alfa Romeo / Sauber сапында негізгі пилот ретінде өнер көрсетті.
Cadillac командасының негізгі пилоттары ретінде Валттери Боттас пен Серхио Перес таңдалған. Екеуі де өткен маусымды жарыссыз өткізген. Айта кетерлігі, Боттас бұған дейін Чжоу Гуаньюймен Alfa Romeo командасында әріптес болған.
Cadillac командасының жетекшісі Грэм Лоуден қытайлық автошабандоздың тәжірибесіне ерекше тоқталды.
«Бізге «Формула-1»-де жақында өнер көрсеткен, командалық жұмысқа дайын әрі маусым бойы көлікті дамыту процесінің күрделілігін жақсы түсінетін пилот қажет болды. Бұл талаптардың барлығына Чжоу Гуаньюй толық сай келеді», - деді ол.
Осылайша, Чжоу Гуаньюй Cadillac-тың «Формула-1»-дегі алғашқы маусымына дайындық барысында маңызды рөл атқаратын болады.
Фото: Getty Images