457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Формула-1» Бахрейн Гран-приін Малайзияға ауыстырды

Жарыс енді 2-4 қазан аралығында Малайзиядағы Сепанг халықаралық автодромында өтеді.

«Формула-1» ұйымдастырушылары сәуір айында өтуі тиіс болған Бахрейн Гран-приінің жаңа өтетін орны мен мерзімін жариялады,деп жазады malimsports.kz

Жарыс енді 2-4 қазан аралығында Малайзиядағы Сепанг халықаралық автодромында өтеді.

Сепанг трассасы «Формула-1» күнтізбесіне қайта оралып отыр. Аталған автодром соңғы рет әлем чемпионатының кезеңін 2017 жылы қабылдаған болатын.

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, Малайзиядағы кезең 26 қыркүйекте өтетін Әзербайжан (Баку) Гран-приі мен 11 қазандағы Сингапур Гран-приінің арасына қойылды. Ұйымдастырушылар маусым күнтізбесінде бұдан өзге өзгерістер болмайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, «Формула-1» басшылығы наурыз айында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайын ескеріп, сәуірге жоспарланған Бахрейн және Сауд Арабиясы Гран-прилерін өткізуден бас тартқан еді.

Осылайша, Бахрейнде өтпей қалған кезең биыл Малайзияда ұйымдастырылатын болды.

Фото: Getty Images